Kimep Alumni Endowment Fund - бұл КИМЭП түлектерімен құрылған, еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас көшбасшыларға осы университетте заманауи әрі сапалы білім алуға көмектесетін қоғамдық ұйым.
KIMEP Alumni Endowment Fund КИМЭП-те оқуда озат болуға дайын өңірлік мектептердің дарынды талапкерлеріне толық қамтылған гранттар мен ай сайынғы оқу стипендиясын ұсынады. 2025 жылы Қазақстан Республикасынан 20 талапкер грант иегері бола алады.
Гранттық конкурсқа қатысу кезеңдері
#1 Кезең 01.12.24 - 31.01.25
Біздің гранттар байқауының бірінші кезеңі қажетті академиялық және қаржылық құжаттардың портфолиосын, түйіндемелерді, мотивациялық эссе мен видеоны тапсырудан тұрады.
#2 Кезең 01.04.25 - 01.05.25
Екінші кезеңге өткен үміткерлер KAEF Қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен және шақырылған комиссиямен ағылшын тілінде жеке сұхбатқа шақырылады. Екінші кезеңнің нәтижесінде әлеуетті степендиаттардың қысқа тізімі жасалады.
Этап #3 02.05.25 - 01.08.25
Финалистерді іріктеу бойынша соңғы шешімдер қабылданады. Іріктеу нәтижелері осы кезеңге дейін өткен барлық үміткерлерге хабарланады.
Толқын #2 Егер сіз 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін өтінім беріп үлгермесеңіз, қосымша Толқын #2 жариялануы мүмкін. Алайда бұл шешім қажеттілікке қарай қабылданады және кепілдік берілмейді. Сондықтан біз сізге Этап #1 аясында өтінім беруді ұсынамыз, өйткені бұл сіздің қатысу мүмкіндігіңізді арттырады. Бірінші толқынға (2025 жылдың 31 қаңтарына дейін) өтінім берген үміткерлерге басымдық беріледі.